ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Бұл лауазымға Марғұлан Баймұхан ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарын жаңадан тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды" делінген Ақорда хабарламасында.
Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Польша Республикасындағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript