Кеңес Рақышев ҚР Сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Кәсіпкер Кеңес Рақышев ҚР Сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады. Рақышев бұл қызметке осы жылдың маусым айында тағайындалып қойған екен.
Кеңес Рақышев 1979 жылы туған. Қазақстан мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, Оксфорд бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолы:
1998-1999 жылдары – ҚР ІІМ жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі Қорының кеңесшісі болды.
2000 жыл – “Тұран-Әлем Банкі” ААҚ оқу орталығының маманы болып жұмыс істеді.
2000 жыл – “ҚазТрансГаз” ЖАҚ менеджері қызметін атқарды.
2000-2002 жылдары – “Intergas Central Asia” ЖАҚ материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің маркетинг бөлімінің маманы, бастығы болып еңбек етті.
2002 жыл – “ҚазТрансГаз” ЖАҚ ЖЭС басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.
2003 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қазанына дейін – “Қазмұнайгаз Сауда үйі” ЖШС Бас директорының экспорт жөніндегі бірінші орынбасары болды.
2003-2004 жылдары – “ҚазТрансГаз” АҚ Бас директорының Маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2004-2005 жылдары – “Меркурий” ЖШС Бас директоры болып еңбек етті.
2006 жылғы қарашадан бастап – “SAT & Company” Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
2007 жылғы қыркүйектен бастап – “SAT & Company” АҚ Басқарма төрағасы болды.
2014 жылғы 14 ақпаннан бастап – БТА Банкі Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
2015 жылдың қаңтарынан бастап – “Казкоммерцбанк” АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2016 жылғы сәуірден бастап – “Казкоммерцбанк” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
2016 жылғы мамырдан бастап – “Казкоммерц-Полис” СК Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2018 жылғы 29 наурызда – БТА Банкінің Директорлар кеңесінің басшысы қызметінен кетті.
2019 жылдың қыркүйегінде "SAT & Company" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Fincraft Resources директорлар кеңесінің төрағасы
Басқа да қызметтері:
2004 жылғы қазаннан бастап – ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті қызметін атқарды.
2005 жылғы наурыздан бастап – ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті болды.“Выборг кеме жасау зауыты” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, “Астрахан кеме жасау зауыты” ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті.
2007 жылғы қарашадан бастап – “Kazakhstan Petrochemical Industries” АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.
2012 жылы — “Атамекен “Одағы” ҰЭП бизнес-қауымдастығы президиумының мүшесі болды.
2012 жылы – “Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығы” ЗТБ Президиумының төрағасы қызметіне тағайындалды.
2013 жылы — ҚР Президенті жанындағы “Жас кеңес” жастар саясаты кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті.
2014 жылы — “Қазақстан инжиниринг” ҰК АҚ тәуелсіз директоры болды. Қызмет салалары: тау-кен және металлургия өнеркәсібі, қаржы, сақтандыру, IT, медиа