Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдері қанша жалақы алады

government.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 20:25 government.kz
Арасында жалақысы азы - Шымкент қаласының әкімі.

Республикалық маңызы бар үш қала - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды, дейді zakon.kz.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдіктеріне zakon.kz редакциясыосы негізде сауал жолдады.

Нұр-Сұлтан әкімдігіндегілер бұл ақпарат әкімдіктің сайтында тұрғанын хабарлады. 2019 жылдың тамыз айының соңында жарияланған "Нұр-Сұлтан әкімдігі басшылығының кірістері туралы ақпарат" бөлімінде әкім Алтай Көлгінов 771 007 теңге жалақы алатыны айтылады.

Алматы әкімдігі бұған қарағанда дәлірек ақпарат берді. Әкім Бақытжан Сағынтаев 20 жылдан астам еңбек өтілі бар саясаткер. Оның толық жалақысының көлемі - 967 671 теңге, одан барлық міндетті салықтар мен шегерімдер алып тастағанда қолына таза тиетіні - 783 814 теңге.

Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Айтенов бұл әріптестеріне қарағанда 20 мың теңгедей аз жалақы алады. Оның жалақысы - 946 540 теңге. Салықтарды есептемегенде, ол - 761 540 теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: