Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 1 сағатта 4 әйел зорлық көреді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2020 16:06 видеодан кадр
Әйелдер үшін ең қауіпсіз елдердің алғашқы үштігін Дания, Швеция мен Нидерланды бастаса, көш соңына Мьянма, Қазақстан мен Тбилиси жайғасыпты.

Қазақстанда сағатына 4 әйел зорлық көреді. Америкалық ғалымдар жүргізген зерттеуге сенсек, қыз-келіншектердің қауіпсіз өмір сүруі бойынша еліміз 72 мемлекеттің ішінде ең соңғы орынға жайғасыпты. Тіпті әлеуметтік жағдайы нашар Африканың кей елдерінің өзі рейтингте біздің алдымызда тұр екен. Неге? Қорғансыздың күнін кешіп жүрген қаракөздеріміздің қатары неге артып барады?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Бәріне өзің кінәлісің деп, мені күнде ұрып соғатын. Ішіп келіп ұратын"

"На меня было покушения на убийство. Похищение и избиение. Он хотел меня убить и чувствовала это в подвале"

"Менде жас болдым, менің де қателігім шығар. Бала үшін деп. Шыдап келдім бәріне. Басымнан ұрды қатты. Басым ауырып жүрдім"

"Они говорили что они не дадут мне житья. Именно в Казахстане. Что будут постоянно надо мной смеется. Клеветать, всякие слухи распростонять"

Зорлады, тонады, ұрып соқты, қорлады, зәбір көрсетті, арын таптады. Соңғы уақытта осындай жаңалықтан көз ашпайтын болдық. Жоғарыдағы мысалдар оның бір парасы ғана. Оған сандар да күә. 24 сағаттың өзінде елімізде жүзге жуық қаракөзге зәбір көрсетіледі екен. Салдарынан әлем бойынша әйелдердің тұруы үшін ең нашар елдердің ішінде анти үздіктердің қатарына еніппіз. Мұны америкалық ғалымдар анықтаған. Жалпы зерттеуге әлем бойынша 73 елдің азаматшалары қатыстыпты. Бәріне бірдей сұрақтар қойылып, сауалнама жүрігізіліпті. Нәтижесінде:

Әйелдер үшін ең қауіпсіз елдердің алғашқы үштігін Дания, Швеция мен Нидерланды бастаса, көш соңына Мьянма, Қазақстан мен Тбилиси жайғасыпты.


Ал енді күлеміз бе, жылаймыз ба, білмеймін. Бірақ зерттеу арқылы әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы нашар Африканың кей елдерініндегі әйелдерге біздікілерге қарағанда өмір сүру қауіпсіздеу екені анықталды. Неге? Ащы судың әлегі, жұмыссыздық мәселесі, тұрақты баспананың жоқтығы - осының барлығы еркектер тарапынан нәзік жандарға көрсетілетін зорлықтың негізгі тетіктері дейді, сарапшылар. Алайда жығылғанға жұдырық болған жаңа заңды өздері де түсінбей-ақ қойды. Еске салсақ, ол құжатта ер адамдар әйелдерін ұрған жағдайда, жауапкершілікке тартылмайды деп өзгертілген.

Дина Смаилова, "Не молчи" қозғалысының басшысы:

"Барлығының көңілі қалды. Сөйтсек, бұл өзгерістерді ақыры комиссия қабылдаған екен. Үкіметтік емес ұйымдардың, депуттатардың, сондай-ақ ең бастысы зорлық-зомбылық құрбандарының пікірін жинап, содан кейін ғана осындай заң қабылдау керек деп ойлаймын. Тіпті арнайы жұмыс тобының құрылғаны жөн."


Сарапшылар сөзінің жаны бар. Өйткені көп қаракөзіміз көшеге жалғыз шығуға да қорқатын болыпты. Оған сауалнама арқылы көз жеткіздік.

"Қорқынышты, әрине қорқынышты"

"Әрине қорқасың. Қазір түнде жүру мүмкін емес қой"

"Әрине қорқасың. Қазір әр түрлі жағдай болып жатыр ғой. Тіпті жалғыз жүргеннен емес, тіпті өзінің өгей әкесінен де көріп жатыр ғой"


Айтпақшы, америкалық ғалымдар тағы бір зерттеу жасапты. Еліміз бала тәрбиесінен әлем бойынша тағы соңғы орындардың біріне жайғасыпты. Алайда, несін сұраймыз? Қорғансыздың күнін кешіп жүрген қыз-келіншектер өз баласына қандай тәрбие берсін?!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: