Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 2018 жылдан бастап электронды виза беріле бастайды

racurs.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 18:19 racurs.ua
Бұл үшін БАӘ мен Эстония сияқты елдердің озық тәжірибелері зерделенді.

Электронды виза беретін елдердің тізімі анықталды, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бұл мәселе толығымен қарастырылды. Біз ең озық тәжірибені, әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) зерттедік. Жақында премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған үлкен делегация Эстонияға барып, сол жақта да осы мәселе зерттелді», - деді ол Қазақстандағы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мәселесі бойынша өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда электронды визаларды беру жүйесі биыл енгізілетін болады.

«Ия, биылғы жылы біз көптеген елдер үшін электронды виза үшін пилоттық жобаларды енгізуді жоспарлап отырмыз, ол елдердің тізімі анықталды. "Бүркіт" мәліметтер базасының жүйесін жақсарту қажет. "Бүркіт" жүйесінің әкімшілігі ҰҚК. Қазірдің өзінде қажет сома анықталды, ҰҚК өз жүйесін жетілдіру үшін республикалық бюджет комиссиясы бұл соманы бекітті. Сондықтан, биылғы жылдан бастап электронды визаларды беруді бастаймыз», - деп атап өтті Мұхтар Тілеуберді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: