Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағаш ауданында дихандар биыл өнім аз болады деп қиналып отыр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2020 16:43 видеодан кадр
Субсидия тоқтатылғаннан соң диқандар несиеге белшесінен батқанында болып тұр.

Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнім көлемі едәуір азаятын түрі бар. Көмір мен табиғи газ бағасының қымбаттауы жылыжайда еңбек еткен дихандарды сергелдеңге салып отыр. Салдарынан Сарыағаш ауданындығы агро кәсіпті жандандырып отырған кәсіпкерлер түгелімен банкротқа ұшыраған. Басты себеп, субсидия тоқтатылғаннан соң диқандар несиеге белшесінен батқанында болып тұр. Жоғары пайызбен үстем ақы төлеу едәуір қиындыққа соқтыруда дейді шаруалар.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сарыағаш ауданындағы жеке меншік жылыжайлардың бірі. Иесі Асхат Латипов. Шаруа жыл он екі ай көкөніс өсірумен айналысады. Дайын өнімді еліміз бен бірқатар шет мемлекетке шығарады. Алайда, соңғы жылдары мемлекеттен берілетін субсидия жарты жолда тоқтап қалды, дейді.

Асхат Латипов, дихан:

"Бұрын субсидия болған кезде, біраз бізге оңай болған. Судсидия келген кезде көмірдің жарты шығынын жабар еді. Қазір, ол да жоқ. Адамға өте қиын болып кетті қазір жұмыс істеу".


Үкіметтік көмектен қағылған шаруа қазір 60 сотық жылыжайдың тек он пайызын ғана игеріп отыр. Мемлекетке телмірмей, банктен несие алып, еңбек етіп те көріпті. Бірақ, қарыз ақшаның үстемақысы шығынды жабуға да жетпей қалған. Сондықтан, субсидия болмаса да, несиенің пайызын арзандатып берсе дейді. Бұл жалғыз Асхаттың ғана емес - барша сарыағаштық шаруалардың бас ауруына айналған проблема.

Розмат Асулматов, Жартытөбе ауылдық округінің фермерлер одағының төрағасы:

"Қайсыбірінен барып сұрасаңыз да жағдайы жоқ адамдардың. Неге? Себебі, мемлекеттен қолдау жоқ. Кредит деген мәселені қолдап, 4 пайызбен беру керек. Сонда, субсидия болмағанда, содан күн көруі мүмкін".

Жақсылық Дүйсебаев, дихан:

"Жағдайды көріп тұрсыздар. Көмір жоқ. Жұмысшы күшіне, күнделікті беретін ақшамыз да жоқ. Кредит аламыз 18-20 процентпен. Ол кредиттің өзін алу өте қиын".


Сарыағаш ауданы – аграрлы аймақ. Жергілікті тұрғындардың көбі диханшылықпен айналысады. Мұнда 626 гектар жылыжай бар. 12 мыңнан астам адам жұмыспен де қамтылған. Алайда, барлығы өлместің күйін кешіп жүр.

Бұл мәселе облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшылығына жақсы таныс. Мәселенің түйінін шешу үшін мамандар министірлікке хат жолдапты. Бірақ, әзірге жауап жоқ.

Мақсат Сәдібек, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы:

"Бүгінгі таңда жылыжайға нақты берілетін субсидия тоқтаған. Қазір ауыл шарушылық министірлігіне ұсыныс берілді. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруаларды қолдауға. Қазір сол бойынша жұмыстар жүргізілуде".


Сарыағаш ауданында жылына орта есеппен 100 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері жиналады. Оның 90 пайызға жуығы еліміз бен Ресейге саудаланып келген. Диқандар жағдай осылай жалғаса берсе, биыл өнім көлемі анағұрлым аз болады деп қиналып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: