Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды
Ашық дерекөздерден алынды
Бұл елімізде енгізілген карантинге байланысты болып тұр.
Карантин кезінде мешіттер жабық болғандықтан, Құрбан айт намазы оқылмайды, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ-ға өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.
"Биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуі бойынша 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері аралығына сәйкес келеді. Дегенмен еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, бүкіл республика бойынша мешіттер жабық болады, соған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды", - деді Наурызбай Қажы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript