Помпео бізге бекер келген жоқ

facebook.com facebook.com
Помпеоның Орталық Азия сапарының алғашқы нәтижелері біліне бастады.

Өзбек баспасөзі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 5 ақпанға белгіленген Мәскеу сапарына ойда-жоқта бармайтын болып қалды, деген ақпарат таратуда.

Бұл жерде Мирзиеевтің Мәскеу сапарына өткен жылдың қазан айынан бері дайындалып келгенін айта кету керек.

– Мәскеу сапары барысында Шавкат Мирзиеев президент Путинмен кездесіп, экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар мәселелерді талқылауы тиіс болған. Оның үстіне, келіссөздердің күн тәртібінде "Өзбекстанның ЕАЭО кіруі мүмкіндігі туралы" тақырып та болған, – деп жазады желіде журналист Ибраш Нүсіпбаев.

Алайда күні кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеомен кездескеннен кейін Шавкат Мирзиеев өз жоспарын күрт өзгертіп, Мәскеу сапарына бір күн қалғанда сапардан бас тартты.

– Мұндай өте жайсыз оқиғаның Путин мен Лавровтың алаңдаушылығын тудырмай отырғаны қызық, – дейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз