Жаңалықтар тізбегі
0

Шөкеев Айгүл Орынбекті "көшеден келген" деп бекер кемсітті 

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 21:10 inbusiness.kz
Бұлар оны тұрақтылық деп отыр. Бұл тұрақтылық емес, бұл қасірет.

"Елде қан алмасу процессі жүруі керек. Онсыз мүлдем болмайды. Қазіргі қоғамның тамырына қан емес, сары су тұрып қалған. Бұлар оны тұрақтылық деп отыр. Бұл тұрақтылық емес, бұл қасірет", деп толғанады желіде сарапшы Бекболат Қаржан.

Бізде элита деп жүрген былықбеттер де шалдың жүйесімен бірге келмеске кетсе дұрыс болар еді деп армандап кетемін.

- Мен танитын бір үлкен ағамыз бұрын нұротанда жүретін, сонда жүріп ол біраз үлкен қызметтер істеді, содан оның халыққа тигізген пайдасы болмады.(Өйткені бұл жүйенің өзі халыққа пайдасыз боп тұр ғой). Осы жазда елде митингтер басталғанда оның дегбірі қашып, ол аман - есен биліктен тайып тұруды ойлап жүрген.

Қазір ол кісі қатып қалған тоқаевшыл боп алған, басқа үлкен қызметте жұртқа Тоқаевты үгіттеп жүр. Ол кісі ертең билікке Қоқаев отырса да оның тарысын жеп жүре беретініне сенімдімін. Шоқаев келсе де сол.
Грузияда төңкерістен соң билікке келген грузин реформаторы Каха Бендукидзе "қандай да бір елде элита өзгермей ол елде ешқандай өзгеріс болмайды" деген тұжырым жасапты. Одан соң олар Саакашвили келіп, екеуі бәрін өзгертті. Олар жастарды көптеп билікке тартып елдің тамырына жаңа система салып, қан жүргізді, - дейді ол.

Шығыс Еуропа елдері де 90 жылдары жақсылап тұрып қанын тазартып алды.

- Менің ойымша, бізде де лыпылдап әбден жағдайын жасап алған, биліктен ешқашан кеткісі келмейтін, елде өзгеріс болғанын қаламайтын, осы жағдайдың сақталғанын қалайтын, кешегі нұротан, бүгінгі тоқаевшылдар ұрпағы ауысуы қажет. Билікке басқа буыннан жастар келуі керек, олар келгесін биліктің борсып - сасып кеткен айналасы да өзгеруі керек.

Жақында Өмірзақ Шөкеев Айгүл Орынбекті "көшеден келген" деп кемсітіпті.

- Аталмыш проблеманың қаншалықты терең екенін түсініп тұрсыз ба ?? Мұрттары шылқып билікте байлыққа белшеден отырып алғандар қолдарынан түк келмесе де өзгені менсінбей, түртпектеп қастарына жолатқысы жоқ.
Ал жаңа буын саясаткерлер мен менеджерлерден Өмірзақтан екі - үш есе артық басқарма-менеджерлер шықпайтынына кім кепіл? Олардың шығуына, қалыптасуына бізде кім мұрша бермей жатыр? Әрине, ол қазіргі назарбай-тоқай жүйесі.
Өзге елдерде реформаларды тап осындай тың күш, жастар, "көшеден келгендер" жасап жатыр емес пе...

Менің ойымша, бізде әбден жағымпаздық пен мансапқорлық, ұрлық - қарлыққа, былыққа белшеден батқан, билігіне сай құбылып тұратын өзге тілді элитасымақ ауысып, мүлдем келмеске кетуі керек.
Міндетті түрде.

Әйтпесе біз келмеске кетеміз, деп аяқталады жазба.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: