Жаңалықтар тізбегі
0

Бұны қылмыс дейді! Мұғалім әріптестерінің ұятсыздығын бетіне басты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 15:53 видеодан алынды
Жарайды, ақшасы кетіп жатыр, бірақ оған қоса баланың уақытын "жеп" жатырмыз ғой біз.

Желіде мұғалімдердің өз жиналысынан түсірілген видео пайда болды. Онда оқушыларды ақылы оқытатын қосымша туралы, нақтысында соның маңайындағы мұғалімдердің заңсыз әрекеттері жайында ащы шындық айтылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодағы әйелдің айтуынша, қосымша ақылы түрде бала оқытып жүргендердікі - қылмыс. Бұл - біздің елімізде бағалана бермейтін баланың алтын уақытын ұрлау, оларды алдап-арбау.

"Сабақтан кейін бала 4-5 сағат қосымшада отырады. Демек, біздің мұғалімдер мектепте түк бітірмейді. Мектептен шыққан мұғалім ана араға барып, қосымшаға кіреді. Қосымшаға барған бала 4 алады, бармаса 4 алмайды екен. Не деген сұмдық? Финляндияда үй жұмысын жасауға арналған қосымша сабақ беретін орталық жоқ. Демек, мектепте мұғалім сабақ оқытпайды. Мына жерде ол үкіметтің ақшасын бос алып жүр. Оған қоса қосымшаға барады, өйткені тағы ақша алады, бірақ ол арада шынымен оқытады. Ұялмай, өзім беретін сыныптан балаларды аламын. Өзім ата-аналарына соны айтамын. Өзім үш қоямын қосымшаға бармаса. Мұндай болмайды. Бұл қылмыс деп аталады. Жарайды, ақшасы кетіп жатыр, бірақ оған қоса баланың уақытын "жеп" жатырмыз ғой біз. 2-сыныпта ма, мынандай әңгіме бар. Эйнштейн ұйықтар алдында қасындағы адамға: "Мен көз шырымымды алып алайын, жарты сағаттан кейін оятыңыз", - дейді. Жарты сағаттан соң әлгі адам қараса, Эйнштейн тәтті ұйықтап жатыр екен, содан оның ұйқысын бұзбай бір сағаттан кейін оятады. Сонда Эйнштейн оған: "Сіз менің жарты сағатымды ұрлап алдыңыз, қайтарыңыз маған", - дейді. Көрдіңіз бе, біз уақыттың құнын білмейміз, бағаламаймыз, онымен санаспаймыз. Ол баланы мектепте 4 сағат отырғызамыз, одан соң қосымшада тағы 4 сағат отырғызамыз. Қылмыс емес пе бұл? Ал бұл уақытқа бала ойнауы керек, дамуы қажет, негізі. Көрдіңіздер ме, бала алдында қандай күнә жасап жатырмыз? Беруге болады қосымшаны, тек физикалық дамуы жағынан, ал қалғанын бала өзі меңгеріп кетуі тиіс, - дейді халықаралық тәжірибе", деп жатыр мына кісі видеода.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: