АҚШ-тағы Қытай елшісі коронавирус қолдан жасалған деген болжамға қатысты жауап берді

Pixabay Pixabay
Бұл - нағыз сандырақтың сөзі.

Америка Құрама Штаттарындағы Қытай елшісі Цуй Тянькай коронавирустың жаңа түрі биоқару ретінде әзірленген деген болжамға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

9 ақпанда CBS телеарнасына берген сұқбатында Қытай елшісі Цуй Тянькай "коронавирустың жаңа түрі ҚХР немесе АҚШ әскери зертханаларында арнайы биоқару ретінде жасалған" деген қауесетті жоққа шығарды.

- Бұл - нағыз сандырақтың сөзі, - деді ол.

Дегенмен елші бұл індеттің неден таралғаны әлі зерттеліп жатқанын айтты.

- Жануардан жұққан дегенге ғалымдар сүйеніп отыр, бірақ оны әлі зерттеу керек, - дейді ол.

Қазіргі уақытта коронавирустан көз жұмғандардың саны 908-ге жетсе, оны жұқтырғандардың саны 40 мыңнан асқан.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз