Қытай елшісі Помпеоның айыптауларына жауап берді: тағы бір негізсіз "спектакль"
facebook.com
Помпеоның бұлай дейтінін күткенбіз, негізі - Чжан Сяо.
Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтқандарына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
2020 жылы 2 ақпанда Помпео жергілікті антиқытай қозғалысының өкілдерімен кездесті.
"Сондай-ақ ол Нұр Сұлтан қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, Шыңжаңдағы миллиондаған ұйғырлар мен қазақ мұсылмандарын Қытай түрмеге қамап жатыр деп айыптап, ал қытайлық және ресейлік инвестициялар Қазақстанның егемендігі мен елдің ұзақ мерзімді даму болашағына нұқсан келтіреді-мыс деп мәлімдеді. Қытай-қазақ қатынастарын бұзу үшін Помпео, тіпті коронавирустық пневмонияның жаңа індетін де желеу етуге тырысты. Помпеоның бұлай дейтінін күткенбіз, негізі. Осы жағынан алғанда, Помпеоның мұнысы Қытайға қарсы тағы бір негізсіз "қойылымы" болды. Ол өзін үнемі менмен ұстап, ескі әуеніне басып, жаңа ешнәрсе айтпайды", - деп жазды елші Facebook-тегі өзінің парақшасында.
Чжан Сяоның айтуынша, бұл жайт сырттай өте күлкілі көрінеді.
"Қытай миллион ұйғырды түрмеге жапты" деген айыпқа қатысты келетін болсақ, бұл фактінің мән-жайы баяғыда айқындалған: "Көлеңкелі аймақ" америкалық тәуелсіз жаңалықтар сайтының зерттеуіне сәйкес, "1 миллион" деген сан тек сегіз адамнан алынған жауапты негізге алып, құрылған. Мұның өзі күлкілі емес пе? Шын мәнінде, соңғы 40 жыл ішінде Шыңжаңдағы ұйғыр халқы 5,5 миллионнан 11 миллион адамға дейін өсті, бұл Шыңжаң халқының 46,8% құрайды; Шыңжаңда 25 мыңнан астам мешіт бар, бұл АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияның қосып алғандағы орташа есеппен әр 500 мұсылманға бір мешіт келеді дегенді білдіреді, бұл көптеген мұсылман елдерінің өзінен көп мешіт. Шыңжаң туралы негізгі фактілерді елемей, Қытайды қаралауды жалғастыра отырып, Помпео бүкіл әлемге өзіндік идеологиялық көзқарастары мен мәліметті бұрмалаушылықтарын ғана көрсетті. Помпеоның Қытай мен Ресейдің инвестицияларының Қазақстан үшін қауіпті екендігі туралы айыптаулары да барып тұрған жалған нәрсе, осылайша олар геосаяси пиғылын ашықтан-ашық байқатып отыр: аймақта дүрдараздықты өршіту және өз монополиясын орнату. Бұл тым менмендік емес пе", - деп жазады ол.
Елші Қытайдың салған инвестициялары Қазақстан экономикасының индустриаландыру мен инфрақұрылымдарының қарқынды дамуына ықпал етеді, сонымен қатар қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарының көбеюіне түрткі болады деп санайды.
"Помпео мырзаға мынандай сұрақ қойғым келеді: Сіз Қазақстанда кем дегенде 1 шақырым жол төседіңіз бе немесе Қазақстанға кем дегенде бір көпір салып бердіңіз бе? Егер шынымен де қазақстандықтарға қамқор екендігіңіз рас болса, онда Қазақстандағы тек ең пайдалы мұнай кен орындарына назар аударып қоймай, сонымен бірге қазақстандық өнеркәсіп пен инфрақұрылымдарға инвестиция салғаныңыз жөн болар еді. Қытайдан үлгі алып, жергілікті экономикаға нақты ақша салуды бастауға батылыңыз жете ме? Олай ете алмасаңыз, қазақстандықтар үшін айтқан барлық сөздеріңіз тек екіжүзділікке айналады. Помпеоның төмендігі - бүкіл Жер шарында қауіп төндіріп тұрған індетке қарсы Қытай жанталасып, барлық күшін жұмсап күресіп жатқанда коронавирустың таралу тақырыбын өз мақсатына қолдануы. Осылайша, ол адамгершілікке жатпайтын әрекетімен тым шектен шығып кетті. Қазіргі кезде жағдай мынадай: көптеген елдер індетке қарсы күресте Қытайға қолдау білдіріп, көмек көрсетті, ал бұл кезде Америка Құрама Штаттары қиындықтарды еңсеру үшін кішігірім болсын лебізін де білдірмеді, керісінше, ең бірінші болып олар өз азаматтарын Уханнан алып шықты, ең бірінші болып Қытайға сапарлау қауіптілігі мәселесін көтерді, тіпті Ауғанстан мен Ирактың деңгейіне дейін апарып тастады және Бейжіңдегі өз елшіліктерінің штат санын қысқартқан бірінші ел болды. Бұл қадамдардың мотиві - дүрбелең тудырып, сенімсіздік туғызу. Бірақ мұның бәрі бекер. Қытай бұл індетпен күресуге толықтай сенім мен ерік-жігермен кірісуде және ол үшін барлық құралдар мен ресурстар жеткілікті. Қыс та өтеді, көктем де келеді. Помпео мырза, лексикалық әдетіңізге назар аударыңыз, 5000 жылдық өркениеті бар Қытай елінде былай айтады: "Уақыт бәрін өз орнына қояды, ешнәрсе жазасыз қалмайды", - деп аяқталады елші жазбасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript