Министр Маңғыстау облысындағы тағы бір митингіге қатысты түсініктеме берді
![Arnapress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 17:42](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-ab219b24-f824-4b21-aee0-b4e3319b31fb/800x452.webp)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов желіде пайда болған Маңғыстау облысындағы халықаралық құрылыс компанияларының біріндегі жұмысшылар ереуілінің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Естеріңізде ме, қытайға қатысты митингілер болып еді ғой, ол 5 қыркүйекке дейін болған. Ол жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдері халықпен кездесіп, мәселені түсіндірген. Қазір бұл мәселеге қатысты митинг жоқ. Енді "М-Техсервис" деген кәсіпорныннан проблема туындауда. Жұмысшылар жалақысын 65% көтеруді талап етуде. Бұл талап 5-6 күнге созылмақ. Басында компания басшылығы бұл талаппен келісіп, жалақыны 65 процентке көтеруге келіскен, бірақ, өкінішке қарай, келісімшарт жасалып, қол қойылатын кезде олар райынан қайтып қалды.
Бүгін біз - жергілікті еңбек инспекциясы да, облыс әкімі де осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Компанияның бас офисі Алматыда орналасқан, олар прокуратура арқылы шақыртып алынды, енді қазір келіссөздер жүріп жатыр, - деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, кәсіпорынның 200-ге тарта қызметкері өз жалақысы көлеміне көңілдері толмайды.
- Дөп басып айта алмаймын, "M-Teхсервистегі" жалақы шамамен 275 мың теңге болып қалады. 200-ге тарта жұмысшы өз жалақысына көңілі толмайды. Маңғыстау облысы - мұнайлы аймақ, сондықтан еңбек дауы негізінен осы өңірде туындайды. Мысалы, соңғы 6 жыл ішінде бізде еңбек дауына қатысты 65 ереуіл болды, соның 90 проценті осы өңірге тиесілі, бірақ мысалы орташа жалақы көлемі басқа өңірдегі мұнай компанияларына қарағанда мұндағы - "Өзенмұнайгазда" әлдеқайда жоғары. Бірақ жұмыс берушілерден жалақыны көбейтуді немесе басқа да еңбек жағдайларын жасауды талап ету жұмысшының құқығы, - деді министр.
Сонымен бірге ол бүгінде Маңғыстау облысында кәсіподақтар федерациясының өкілі де жүргенін ескерте кетті.