Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай елшісі Қазақстанмен шекарадағы шектеулер туралы айтты

Қытай, Қазақстан, шекара, шектеулер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 16:08 Сурет: gov.kz
16 қарашада Астанада өткен Стратегиялық бастамалар форумында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай шекарасындағы шектеулер жөнінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Геосаяси болашақ сценарийлері" сессиясының модераторы Жәнібек Арынов Қытай елшісі Чжан Сяо өз сөзінде Қытай халықаралық сауданы әрқашан қолдайтынын айтқанын жеткізді.

Бірақ, соған қарамастан, ол екі жылға жуық уақыттан бері Қазақстанның Қытаймен шекарасында сауда-саттықта үзіліс болғанын, бұл тауарларды экспорттау мен импорттауда қиындықтар туғызып отырғанын атап өтті.

Осы орайда модератор "Бұл мәселенің жақын арада шешілетініне үміт бар ма?" деп сұрады.

"Бұл – таза экономикалық мәселе. Бұл жерде геосаясат жоқ. Мұның немен байланысты екенін түсіндіріп берейін: Қытайда COVID-ке қатысты өте қатаң шектеулер енгізілуіне орай шекарада да шектеулер енгізілді. Бұл осыған байланысты". Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо

Елші бұл жағдай Қытайдан шет елдерге тауар экспортының қарқынды өсуімен де байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жағдай тек Қазақстан шекарасында ғана емес, оңтүстік көршілермен, сондай-ақ Ресей және Моңғолиямен шекарада да байқалып отыр.

"Пандемия жағдайында Қытай тауарларына сұраныс бірнеше есе артқанымен, шекарадағы инфрақұрылым бұрынғы қалпында қалып отыр. Инфрақұрылым 10-20 жыл бұрын салынған, ол Қытай экспортының қарқынды өсуіне төтеп бере алмайды. Жағдай осындай. Қытай мен Қазақстан бұл мәселеге жауапкершілікпен және өзара түсіністікпен қарағаны жақсы болды. Мәселе қаралып жатыр, мен Қазақстан билігімен үнемі байланыстамын әрі жағдайдың айтарлықтай жақсарып келе жатқанын сенімді түрде айта аламын. Бұл жақын арада қайталанбайтын шығар деп ойлаймын". Чжан Сяо
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: