Қазақстандықтарға Өзбекстанмен шекарадағы шектеулер туралы ескертілді

Қазақстандықтарға Өзбекстанмен шекарадағы шектеулер туралы ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 13:17 Сурет: Instagram/press_kyzmet_kgd
Мемлекеттік кірістер комитеті маңызды мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Қазақстан және Өзбекстан шекарасындағы "Қапланбек" және "Навои" өткізу пункттерінде шектеулер енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКК-нің 2025 жылғы 27 қаңтардағы ақпаратына сүйенсек, өзбек тарапының жаңғырту жөніндегі құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін "Гишт-Куприк" (ҚР іргелес "Жібек жолы" кеден бекеті) өткізу пунктін уақытша жабуына байланысты, "Қапланбек" (ҚР) және "Навои" (ӨР) өткізу пункттері екі тараптың келісімі бойынша жеке тұлғалардың жаяу жүруі, жеңіл автокөліктер мен автобустардың өтуі үшін ашылады.


"Қазақстан және Өзбекстан тарапымен "Қапланбек" және "Навои" өткізу пункттерінде бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, бүгін осы өткізу пункттерінің техникалық ашылуы жүргізілді.Іске қосу жұмыстарына байланысты 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жеке тұлғалардың, жолаушылар көліктері мен автобустардың өтуі шектеулі мөлшерде жүзеге асырылады",- делінген ақпаратта.

2025 жылдың 5 ақпанынан бастап өткізу пункті толығымен жұмыс істейтін болады.

Мамандар одан әрі, екінші кезеңде, тараптар келіскеннен кейін осы өткізу пункттерінде жүк автокөлік құралдарын өткізу жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Комитет дерегінше, "Қапланбек" өткізу пунктінің өткізу қабілетін тәулігіне 20 мың жеке тұлғаға және 800 автокөлік құралына дейін ұлғайтылуы күтілуде.

"Жібек жолы" кеден бекетінің уақытша жабылу күні қосымша хабарланатыны атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: