МКК Ресейге сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жасады

Ресей мен Қазақстан, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы, тулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 16:08 Сурет: unsplash, pexels
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 22 мамырда Ресей Федерациясының шекарасындағы уақытша жұмыстарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКК Орынбор облысы бойынша Ресей Федерациясының ФҚҚ Шекара басқармасының ресми ақпаратына сүйене отырып, келесіні хабарлайды:

  1. 2025 жылғы 19-29 мамыр аралығында "Маштаково" автокөлік өткізу пунктінде (Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағыты) инспекциялық-тексеру кешенінің негізін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
  2. Сондай-ақ, 2025 жылғы 19 мамыр мен 30 қараша аралығында Ресей Федерациясының уәкілетті органдары "Теплое" екіжақты автокөлік өткізу пунктінің аумағында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жоспарлады.

Жөндеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде өткізу пункттерінің жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылатын болады, олардың жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер көзделмеген.


"Сонымен қатар, "Сырым" және "Тасқала" қазақстандық өткізу пункттерінің маңында көлік құралдарының қозғалысына уақытша қиындықтар туындауы және кептелістер болуы мүмкін. Осыған байланысты МКК тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше мемлекеттік шекарадан өту кезінде балама бағыттарды пайдалануды ұсынады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да арнайы техникамен заңсыз алтын өндіру фактісі анықталғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: