ҚР Денсаулық министрлігі қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

ҚР Денсаулық министрлігі 2025 жылғы 15 мамырда жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік бүгінде республикадағы денсаулық аптасы аясында еліміздің әртүрлі өңірлерінде дәрістер, семинарлар, тренингтер, консультациялар, ата-аналар мен тәлімгерлермен кездесулер өтіп жатқандығын мәлімдеді.
ЖЖБИ деген не?
Бұл — қорғаныссыз жыныстық қатынас кезінде, қан арқылы, анадан балаға жұғатын инфекциялар.
"Олардың қатарына АИТВ, мерез, хламидиоз, адам папилломасы вирусы, В гепатиті, герпес және басқалар жатады".ҚР Денсаулық министрлігі
Олар қаншалықты қауіпті?
Көптеген ЖЖБИ-дың ұзақ уақыт бойы ешқандай симптомдары білінбейді. Бірақ салдары өте ауыр болуы мүмкін:
- бедеулік (ерлерде де, әйелдерде де);
- созылмалы қабынулар;
- жүктілік кезіндегі асқынулар;
- онкологиялық аурулар (мысалы, жатыр мойны обыры);
- АИТВ-ның берілуі.
Келесі симптомдар пайда болса, сақ болған жөн:
- шығындылардың пайда болуы;
- несеп шығарғанда ашу, қышу, ауырсыну;
- жыныс ағзаларында жара, бөртпе немесе өсінділер.
"Егер осындай белгілердің бірін байқаған болсаңыз, міндетті түрде және мүмкіндігінше тезірек дәрігерге (гинекологқа, урологқа, дерматовенерологқа) жүгініңіз". ҚР Денсаулық министрлігі
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
- әрдайым презерватив қолданыңыз;
- тұрақты түрде зерттеп-қараудан өтіп тұрыңыз;
- жыныстық серігіңізбен ЖЖБИ тақырыбын ашық талқылаудан ұялмаңыз;
- бөгде ине, шприц, жеке гигиена заттарын пайдаланбаңыз;
- В гепатиті мен АПВ-ға қарсы екпе алыңыз.
"Егер диагноз расталса — міндетті түрде емделу қажет. Емді екі серіктес те, тіпті біреуінде симптомдар болмаса да қабылдауы тиіс. Емді үзуге болмайды. Емделген соң — міндетті түрде қайтадан талдаулар тапсыру қажет. Жасөспірімдер мен жастар — әсіресе осал топ. Көбіне олар қайда жүгінерін, кімге сенетінін білмейді. Мұндай жағдайларда емханалар жанынан ашылған Жастар денсаулығы орталықтарына баруға болады. Мұнда құпия сақтала отырып, тегін консультация алуға болады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қазақстанда педофилдер өмір бойы тіркеуге алынатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript