Денсаулық сақтау министрлігі 30-76 жас аралығындағы қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 12:05 Фото: akorda.kz
2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге шақырып, маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 30-76 жас аралығындағы қазақстандықтарға тіркелген емханасында тегін профилактикалық скринингтік тексеруден өте алатынын еске салды.

"Қазақстан тұрғындары тіркелген емханасында мемлекеттік бағдарлама аясында профилактикалық скринингтік тексерулерден тегін өте алады", – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік бағдарлама аясында мынадай скринингтер жүргізіледі:

  • 40-76 жас аралығында (әр екі жыл сайын) – артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлыққа байланысты қауіп факторларын ерте анықтауға арналған скрининг;
  • 40-76 жастағы әйелдерге (әр екі жыл сайын) – сүт безі обырын ерте анықтау скринингі;
  • 30-74 жастағы әйелдерге (әр төрт жыл сайын) – жатыр мойны обырын ерте анықтау скринингі;
  • 50-76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (әр екі жыл сайын) – колоректальды обырды ерте анықтау скринингі;
  • 50-76 жастағы ерлерге (әр екі жыл сайын) – ми қанайналымының бұзылыстарын ерте анықтауға арналған скрининг.
"Скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарлама аясында тегін жүргізіледі. Жасыңыз бойынша тексеруден өтуге жататыныңызды тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден білуге болады", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Алматы қалалық №11 емханасының профилактика бөлімінің меңгерушісі Алёна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермейді.

"Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді болып, асқыну қаупі азаяды", – деді дәрігер.

Осыған байланысты маман азаматтарды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерді уақытылы өтіп тұруға шақырды.

Еске салайық, 2026 жылғы 20 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг түрін енгізіп, сондай-ақ В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау скринингінен өтетін азаматтардың нысаналы тобын кеңейткен болатын. Кейінірек Қазақстанда қызметкерлер мен жұмыс берушілерге скринингтен өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетіні белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: