Тегін шұғыл көмек: қазақстандықтарға Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Фото: primeminister.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін азаматтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарламаны ведомство 2025 жылдың 17 қаңтарында өзінің Telegram арнасында жариялады.
"Барлық шұғыл медициналық көмек – МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі",- делінген ақпаратта.
Қандай жағдайларда шұғыл қызметтің көмегіне жүгінуге болады?
Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы немесе әлеуметтік мәні бар аурудың өршуі, ЖРВИ белгілері немесе жарақаттар болған жағдайда көмекке жүгінуге болатындығын айтты.
- фильт️р-кабинетке немесе өзінің немесе жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне
- ️ жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне
- ️ жедел жәрдем шақырыңыз
Егер мен шұғыл емханаға немесе ауруханаға барсам, мені зерттеп-қарап, емдей ме?
"Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі сізге ТМККК пакетінде толығымен тегін көрсетіледі.Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін арнайы мамандардың қажетті зерттеп-қараулары мен консультациялары, қажет болған жағдайда бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Егер азамат шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік мәні бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрса, ТМККК пакетінде медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыратын болады.
"Сондай-ақ, "туберкулез" диагнозы қойылған пациенттерге оңалту көмегі ТМККК пакетінде көрсетіледі",- деп еске салды министрлік.
Бұған дейін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешімі қабылдағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript