Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл соңына дейін қазақ күресінің атауы өзгертіледі

sports.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 15:34 sports.kz
Қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты бірнеше ұсыныс түсті, олардың арасында "балуан күресі", "күрес", белдесу", "тік күрес.

Қазақ күресі атауын өзгерту үшін арнайы ғылыми топ құрылды. Негізгі мақсат – ұлттық спортымызды халықаралық дәрежеге көтеріп, Олимпиада бағдарламасына қосу, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Енді, кез келген ұсыныстың нақты бір негізі болуы керек деп ойлаймын. Дәлелі де салмақты болған жөн. Мысалы, өткенде біреу "тік күрес" болсын депті. Ал сондай атау бола ма екен? Ондай ұсыныстарға дәлел келтіру керек", - дейді қазақ күресі киімінің авторы, профессор Елемес Әлімханұлы.

Оның айтуынша, "қазақ күресі" деген атау кеңестер кезінде пайда болған. Ол кезде әрбір республиканың ұлттық спорт түрін бөліп көрсету үшін "өзбек күресі", "қырғыз күресі", "қазақ күресі" деген атауларды пайдаланған. Енді, қазақ күресін халықаралық дәрежеге шығару үшін бейтарап бір атау болуы шарт.

"Негізі, "балуан күрес" деп атау қажет. Себебі оның қандай да бір этносқа қатысы жоқ. Бұл – жалпы күреске ортақ атау. Ал шетелде қазақ күресін дамытқаны кімге қажет? Сондықтан жапондардың дзюдосы сияқты ортақ, бейтарап, көзге түспейтін бір атау керек. Мен "балуан күрес" деген атауды ұсындым. Себебі "балуан" деген сөздің ішінде күрес те, күш-қайрат та, мықтылық та бар", - деді Әлімханұлы.

Федерацияның бас хатшысы Бақдәулет Сәбитов әзірше нақты нұсқаның таңдалмағанын жеткізді. Оны қоғам талқысынан да өткізу керек.

"Қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты бірнеше ұсыныс түсті, олардың арасында "балуан күресі", "күрес", белдесу", "тік күрес", - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: