ЕО жылдың соңына дейін Ресей мұнайына тыйым салуды көздейді — БАҚ
ЕО Ресейге қарсы жаңа шектеу шараларын келесі аптада талқылайды, ,бұл реттегі шешім ЕО елшілерінің кездесуінде қабылданады, деп хабарлайды Bloomberg өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Дереккөздерге сүйенсек, Ресей Федерациясына қарсы келесі санкциялар пакетінің ықтимал бір бөлігіне "кеңес беру қызметтеріне мен бұлтты технологиялар базасы бойынша қызметтерге, сондай-ақ жылжымайтын мүлік сатып алуға шектеулер қою" жатады.
Айта кетсек, сәуір айының басында ЕО бесінші санкциялар пакетін бекітті. Ол бойынша ресейлік кемелерге Еуропалық одақ елдері порттарына тоқтауға тыйым салынды. Ресей Федерациясынан жеткізілетін көмірге эмбарго енгізілді, көлік компанияларының жұмысы шектелді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясына реактивті отын, кванттық компьютерлер, жартылай ток өткізгіштер материалдары әкелінбейтін болды.