Жаңалықтар тізбегі
0

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға қажетті құжаттар қысқарды

ҚР ЦДИжАӨ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 22:41 ҚР ЦДИжАӨ баспасөз қызметі
083/У және 086/У анықтамалары бірінші жартыжылдықтың соңына дейін электрондық форматқа көшіріледі.

Бұл туралы цифрлық комиссарлармен кезекті кездесуде белгілі болды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев осының алдындағы кездесуде цифрлық комиссарлар тарапынан айтылған ұсыныстардың, атап айтқанда жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы онлайн өтініштің және баж салығын төлегені туралы электрондық түбіртектің көшірмесін ұсыну мәселесі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (ВАК) қаралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз осы мәселені ВАК-та талқыладық. ІІМ-дегі әріптестер бұл ұсыныспен келісті және 2-ші тоқсанда бизнес-үдерісті өзгертетінін айтты. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінімді онлайн берген азаматқа ХҚКО-дан куәлікті алу кезінде берген өтінімі мен төлеген мемлекеттік баж салығының түбіртегін қағаз нұсқада көрсетудің қажеті жоқ", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Министр Ішкі істер министрлігі тиісті стандарттарға өзгерістер енгізгеннен кейін ХҚКО-дан жаңа жүргізуші куәлігін алу барысында азаматқа өзінің жеке куәлігін көрсету жеткілікті екенін айтты.

Цифрлық комиссарлармен кездесуде мемлекеттік қызметтерді және ЭЦҚ алу процесін оңтайландыру, электрондық үкімет порталын жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік және т.б. мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Вице-министр қатысушыларға пайдалы фидбэк үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Олжас Әбішев 5 түрлі анықтаманың жойылатынын жеткізді. Олар психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдардан сұралатын және көлік құралын басқаруға рұқсат беру, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту туралы анықтама.

"Осы анықтамаларды сұрататын бірқатар мемлекеттік органдар қажет ақпаратты автоматты режимде алу үшін өз жүйелерінде тиісті жұмыстарды жүргізгеннен кейін, бұл анықтамалар жойылады. Аталған жұмысты биылға жоспарлап қойдық", - деді Әбішев.

Вице-министр мұнымен қоса, 083/У және 086/У анықтамалары бірінші жартыжылдықтың соңына дейін электрондық форматқа көшірілетінін хабарлады. Ендігі жерде азамат аталған анықтамаларды eGov порталы арқылы алады және анықтамада азаматтың бір жыл ішінде өткен медициналық тексерулерінің нәтижелері көрсетіледі.

Цифрлық комиссарлар тарапынан айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар кездесу хаттамасына енгізіліп, назарға алынды. Қабылданған шаралардың нәтижелері туралы Асқар Жұмағалиев келесі кездесуде айтып беруге уәде етті.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан өткен жылдың қыркүйегінде "Цифрлық комиссарлар" тобы жасақталып, оның құрамына мемлекеттік органдардың цифрлық бастамалары мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарға қоғамдық мониторинг жүргізетін қоғам белсенділері, журналистер мен блогерлер енгенін естеріңізге салып өтеміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: