Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Елде қырғыз, армян көліктердің нөмірлерін ұрлау басталды

Нөмірді қайта жасату үшін көлік қайдан келді, сонда кету керек. Оңайы - алаяқтарға ақша аудара салу.

Сурет : vpavlodare.kz13 Ақпан 2020, 11:32

Әлеуметтік желілерде қырғыз нөмірлі көліктермен жүретін алматылықтардың жанайқайы тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселен, Орбита, Таугүл, Тастақ ықшамаудандарында белгісіз біреулер қырғыз нөмірлі көліктердің нөмірлерін сыпырып кетіпті.

"Нөмірің керек болса пәленше деген электронды әмиянға 15 теңге лақтыр" дегендей хат қалдырып кетеді екен.

Алаяқтар шетелдік нөмірлі көліктердің Қазақстанда толып жүргені мен оның иелерінің құжат жағынан шарасыздығын осылайша пайдаланып жүрген сияқты.

Қазақстандық ХҚО-лар шетелдік тіркеудегі көліктердің нөмірлерін қалпына келтіріп бермейтіні анық.

Нөмірді қайта жасату үшін көлік қайдан келді, сонда кету керек. Оның жанында алаяқтардың сұраған ақшасын бере салуға мәжбүр.

Айтпақшы, 15 мың сұраған алаяқпен саудаласып, проблеманың шешімін 10 мың теңгеге түсіргендер де бар екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???? Инструкция по возврату номера!????

Публикация от Don't Cry (@dontcrykz) 8 Фев 2020 в 11:42 PST


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер