Жаңалықтар тізбегі
0

Нұртөре Жүсіп: Жемқорлық – Мәдениеттің болмауынан туындайды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2020 16:44 видеодан кадр
Совет кезінде өмір сүрген жазушылардың кітаптары әртүрлі сериямен жыл да қайта басылып келді. Мұндай практикадан кету керек.

Сенатта "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасына қатысты отырыста Нұртөре Жүсіпке көз берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұртөре Жүсіп былай сөйледі:

Мәдениет – Ұлттық құндылық қатарына жатады. Біздің Ұлттық Тәуелсіздігіміз Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлт пен ұлыс өкілдерін қазақ мәдени кеңістігінде өмір сүруге жетелейді. Бұл не деген сөз?

Түсінікті болу үшін мына бір нәрсені айта кетейін.

Шекара сызығы не үшін сызылады? Бұл – елдің қорғаныс шекарасы ғана емес, мәдениет шекарасы деген сөз. Осы сызықтың ішінде мәдени кеңістік болады. Мәдени кеңістік аясында Ұлттық құндылықтар қалыптасады. Біз Әл-Фарабидің, Абайдың және басқа тарихи тұлғалардың мерейтойларын тек той тойлау үшін өткізбейміз. Бұл шаралар Қазақстан халқын біртұтас – бір мәдениет шеңберінде тәрбиелеуге бағытталған.

Қазақ тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс салтын, дәстүрін білу, құрметтеу, мойындау – Мәдени кеңістіктің алғышарты.

Осы тұрғыдан алғанда, қарауға ұсынылған Заң жобасында бірқатар жаңа нормалар бар.

Өнерде Тазалық керек! Өмірде де солай.

Фонограммамен ән айту шектеледі. Бұл таза таланттарға жол ашады. Заң жобасында тиісті нормалар қарастырылған. Мұны қолдаймын.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы тапсырмасымен "Мәдени мұра" бағдарламасы жасалды. "Қазақтың 1000 әні", "Қазақтың 1000 күйі" жинақталды.

Сонымен іс бітті ме? Қазақтың 1000 әні, мен 1000 күйі эфирден неге естілмейді?

Эфир – Қазақстан эфирі. Ондағы жиілікті мемлекет береді. Қазақстанда жұмыс істейтін түрлі радио арнасы эфирлік жиілікті конкурс арқылы алады. Ендеше неге біз Мемлекеттің Мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мәселесін талап ете алмаймыз? Радио таратушыларға неге міндеттей алмаймыз?

Қазақстан эфирінде қазақтың ән мен күйі саңқылдап естіліп тұруы керек. Сонда ғана елдегі Рухани жаңғыру ерекше сипатқа ие болады. Алдағы уақытта осы талап ескерілсе дейміз.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару. Бұл да маңызды мәселе. Осыған дейін совет кезінде өмір сүрген жазушылардың кітаптары әртүрлі сериямен жыл да қайта басылып келді. Мұндай практикадан кету керек. Өмірге, қазіргі тіршілікке сұранысы жоғары кітаптарды басып шығару қажет. Қазақстандағы кітап басу ісін ашық нарыққа жіберу керек.

Балалар әдебиетін қолдау мен дамытуға салалық министрлік баса мән бермесе болмайды.

Сондай-ақ салалық көркемдік кеңестер жұмысы дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Көркемдік кеңеске білікті мамандар тартылуы қажет. Талғам мен талап күшті болуы керек.

Бәрі Мәдениетке байланысты. Ұлттық мәдениет. Рухани мәдениет. Күнделікті түрлі былық-шылықтың, жемқорлықтың, сыбайластықтың, әдепсіздіктің орын алуы Мәдениеттің болмауынан.

Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтамыз. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында "Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру" туралы айтты. Қазақтың ұлттық жаңа болмысын – мәдениетсіз, мәдениетті азаматтарсыз елестете алмаймыз. Сондықтан, құрметті әріптестер, Сіздерден Заң жобасын қолдауды сұраймын, деді Нұртөре Жүсіп.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: