Жаңалықтар тізбегі
0

Нұртөре Жүсіп Қазақстан Медиа альянсының басшысы болып сайланды

mediaunion.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2020 16:50 mediaunion.kz
Бұл альянсқа алдында Арманжан Байтасов үш жыл бойына жетекшілік еткен.

"Қазақстан Медиа Альянсы" қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы болып сенатор Нұртөре Жүсіп сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл альянсқа алдында Арманжан Байтасов үш жыл бойына жетекшілік еткен.

Альянс сайтының хабарлауынша, "Қазақстан Медиа альянсы" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылар жиналысында Басқарма төрағасы ауысты.

Жиналысқа қатысқан құрылтайшылар Байтасовтың бастамасымен дауыс беруге қатысты. Қалыс қалған Михаил Дорофеевтен басқасы ҚМА жаңа Басқарма Төрағасының кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Нұртөре Жүсіп қазіргі кезде ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Ол 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі кентінде дүниеге келген.1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

"Біз кімнен азбыз?" (2001), "Қазақ қызы" (2004), "Елес пен белес" (2006), "Мың құмырсқа және біз" кітаптарының авторы.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінде агроөнеркәсіп бөлімінен бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1990-1996 жылдары – "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің аға тілшісі, бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1996-2002 жылдары – "Жас Алаш", "Ақ жол Қазақстан", "Егемен Қазақстан", "Астана Хабары" газеттерінің бас редакторы. 2008-2019 жылдары – "AIQYN" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.

2019 жылы 12 тамызда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: