Нұртөре Жүсіп қазақ тілді БАҚ қауымдастығына төраға болып сайланды
"Отандастар қоры" КЕАҚ
Жылына бір рет қауымдастық өкілдерінің бас қосуы ұйымдастырылады.
2021 жылдың 27 қазанында "Отандастар Қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан "Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығы" құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында "Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастығының" ережесі таныстырылып, бекітілді. Қауымдастық төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
"Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалдары енген жинақ шығару, қазақ тілді жас журналистер арасында конкурстар өткізу, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы байқауға шетелдегі қазақ тілді басылымдар мен журналистерді қатыстыру жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, жылына бір рет қауымдастық өкілдерінің бас қосуы ұйымдастырылады", - дейді Мағауия Қанапияұлы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript