Қазақ дипломаты Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры болып сайланды

Асқар Мусинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 18:47 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 3 қазанда Дохада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының 6-шы Бас Ассамблеясы шешімімен – қазақ дипломаты Асқар Мусинов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ұйымның бас директоры лауазымына сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Мусинов – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметті атқарған дипломат.

Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР елшісі лауазымында болды.

Сонымен қатар ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры болып тағайындалғанға дейін 2018-2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: