Бауыржан Асқаров "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Бас директоры болып тағайындалды
Сурет: sknews.kz
"QazaqGaz" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ еншілес компаниясының Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Бауыржан Асқаров тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "QazaqGaz" ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бауыржан Асқаров Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ университетін, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
Қызметінің әр жылдары ол ҚР Мұнай және газ министрлігінде басқарма бастығы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да департамент директоры, Eni Agip Caspian Sea-ның аға кеңесшісі, KMG Drilling & Services компаниясының басқарушы директоры, аппарат басшысы, "ҚазМұнайГазды Барлау Өндіру" АҚ Бас директорының орынбасары – Басқарма мүшесі, "Норт Каспиан Оперейтинг компаниясының" корпоративтік сервис жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript