Марат Елеусінов "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директоры болып тағайындалды
Фото: zakon.kz
Марат Елеусінов "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марат Елеусінов 1988 жылы дүниеге келген. Мамандығы - инженер.
Еңбек жолын 2009 жылы "Өзенмұнайгазда" мұнай өндіру операторы болып бастады. Осы жылдар ішінде "ҚазМұнайГаз", "Қазақтүрікмұнай" компанияларында жоғары лауазымдарда қызмет етті. 2021-2024 жылдары "Ембімұнайгаз" АҚ бас технологы болды.
"Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамы Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласынан 230 шақырым жерде. Бозашы түбегінде орналасқан бірегей Қаражанбас кен орнында мұнай өндіреді.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқығы жөніндегі уәкілді тағайындаған еді. Ол Кенжеғұл Сейітжан болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript