Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ қызы Франциядағы қала мэрінің орынбасары болып сайланды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 22:57 ҚазАқпарат
Есім Махмұтқызы өткен ғасырдың қырқыншы жылдардың соңында Қытайдан босып, Түркияға жеткен қазақтардың ұрпағы.

Есім Сабаш атты франциялық қандасымыз Парижге жақын Крей қаласында сайлауда жеңіске жетіп, қала мэрінің орынбасары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуанышты хабарды Есім Сабаштың әкесі Махмұт Сабаш facebook парақшасында бөлісті. Махмұт Сабаштың өзі - Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті.

Есім Махмұтқызы өткен ғасырдың қырқыншы жылдардың соңында Қытайдан босып, Түркияға жеткен қазақтардың ұрпағы. Бүгін оның Францияның солтүстігіндегі Крей қаласы әкімінің орынбасары болып сайланғаны хабарланып отыр.

Есім Махмұтқызы 1991 жылы Францияда туған. Азаттық үшін алысқан әйгілі Зуқа батырдың туысы болып келеді. Крей қаласы (фр. Creil) — О-де-Франс аймағына, Санлис округіне жататын, Францияның солтүстігіндегі қала. 2014 жылғы санақ бойынша халқының саны 35 мыңға жуық болған. Айта кетсек Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғаған тұлға.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: