Алик Шпекбаев дүниежүзілік "Қазақ күресі" федерациясының президенті болып сайланды
palata.kz
Жаңа басшы федерацияның 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтты.
Бүгін елордада "Қазақ күресі" федерациясының кезекті конгресі өтті. Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілі келді. Жиын барысында федерация басшысын сайлау мәселесі көтерілді. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Мен бұл федерацияның басшысы болмас бұрын оның мақсат-міндеті және жұмысымен таныстым. Федерация 16 жылдың ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіпті. Менің басшылықққа келгендегі мақсатым – нәтижелерді қорытындылап, федерация жұмысын жандандыру. Халықаралық бағыттағы жұмысты нығайтып, федерацияға мүше елдер санын көбейту қажет. Яғни федерация жұмысын ел аумағында ғана емес халықаралық деңгейде нығайта түсу. Сонымен қатар мен бұл басшылыққа келе отырып, халықаралық олимпиада комитетімен тығыз жұмыс жасап, қазақ күресінің олимпиада бағдарламасы қатарына ену перспективасын қолдаймын", - деді Алик Шпекбаев
Сондай-ақ, жаңа басшы федерацияның 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтты.
"Бағдарламамен қатар қазақ күресін одан әрі дамыту мақсатында инвестиция және бизнес өкілдерінің келісім жүргізіп, стратегия дайындау керек. Сонымен қатар халықаралық олимпиада комитетінің келісімін алу үшін федерацияның ауқымын кеңейту қажет. Әрине федерацияның жұмысы дұрыс бағытқа қойылған. Дегенмен халықаралық комитеттің рұқсатын алу үшін 4 құрлықтың 75 елінде қазақ күресі федерациясының жұмысын дәріптеуіміз керек", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript