Жаңалықтар тізбегі
0

Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 20:59 astana.gov.kz
"Жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, алға жылжу қажет. Жеңіл атлетика-маған жақын спорт түрі", - деді елорда әкімі.

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне сайланды, деп хабарлады zakon.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов Қазақстанда 7 жабық жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жоспарланғанын атап өтті.

"Үлкен жұмыс атқару үшін адами капитал маңызды. Сапалы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды дайындау қажет. Өйткені, жаттықтырушы-ұшақ ұшқышы сияқты, спортшылардың қозғалыс бағыты мен спорттағы дамуы тек сол кісіге байланысты", - деді Даниал Ахметов.

Елордада жеңіл атлетикамен тұрақты шұғылданатындардың жалпы саны шамамен 2 000 адамды құрайды. Елордалық спортшылар осы жылы 9 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды. Аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында Федерация "Наурыз марафоны", "Astana Marathon", "Адалдық алаңы" жеңіл атлетикалық қайырымдылық жүгірісі", белгілі жаттықтырушы К.К. Жуанышевті еске алуға арналған республикалық турнир, "October Run Fest-2019" күзгі жүгірісі және т. б. жарыстар өткізілді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов өзіне сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, жеңіл атлетиканың дамуына, оның ішінде инфрақұрылымға тиісті көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

"Жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, алға жылжу қажет. Жеңіл атлетика-маған жақын спорт түрі", - деді елорда әкімі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: