Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин ДДСҰ өкілімен кездесті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 19:03 Ж.Құспанов
Өз кезегінде Ханс Клюге денсаулық саласын ілгерлетуде Қазақстанның әлеуеті мен басымдықтары зор екенін атап өтті.

Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ДДСҰ аясында денсаулық сақтау саласы бойынша Тұрақты даму мақсаттарына жетудің, соның ішінде, ана мен бала өлімін қысқарту, түрлі қатерлі аурулармен күрестің өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, халық денсаулығын қорғау әлем елдеріне ортақ мәселе. Осы жолда Қазақстан 30 жылға жуық ДДСҰ-мен етене ынтымақтастық орнатып келеді. Әсіресе, алғашқы медициналық-санитарлық көмек бағытында сындарлы қатынас орнаған. Н. Нығматулин 2014 жылы Алматыда ДДСҰ-ның географиялық жағынан шалғайдағы медициналық санитарлық көмек жөніндегі кеңсесі ашылғанын алға тарта келіп, 1978 жылы аталған көмек бойынша Алматы Декларациясы Қазақстанда қабылданғанын еске салды.Осының барлығы біздің еліміздің алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту саласындағы тұрақты саясатының көрсеткіші. Қазақстандағы Алматы кеңсесі жұмысының нәтижесінде бүгінде Қазақстанда, жалпы аймақ көлемінде үздік технологиялар енгізіліп, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру қолға алынуда.

Мәжіліс Төрағасы қазіргі уақытта Мәжілісі қарауында бүкіл қоғам болып талқылап жатқан жаңа Денсаулық Кодексі бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын айта келіп, - бүгінгі нақты жағдайлар мен тұрақты өзгерістер кезеңінде тұрғындардың денсаулығын күшейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуымыз керек. Денсаулық мәселесіне қатысты барлық сұрақтар әрқашанда Мәжіліс жұмысының басым бағыттарының бірі, - деді.

Өз кезегінде Ханс Клюге денсаулық саласын ілгерлетуде Қазақстанның әлеуеті мен басымдықтары зор екенін атап өтті. Мейманның айтуынша, Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмек дүниеге келген жер деуге болады. Х. Клюге мырза, біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарына тәнті екенін жеткізіп, алдағы уақытта қол қойылған арнайы келісім бойынша денсаулық саласына заманғак сай жаңалықтар енгізу, соның ішінде цифрландыру бағытында бірлесе, белсенді жұмыс атқаратынын атап өтті.

Н. Нығматулин ДДСҰ өкілінің мол тәжірибесі тек Еуропа аймағында ғана емес, жалпы әлем елдерін ортақ мақсат жолында біріктіруге ықпал ететініне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: