Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау – ҚР туристендіру картасының топ-10 тізіміне енгізілді

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 19:36 Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы
Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты.

Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға мүмкіндігі жоғары аймақ ретінде танылып, ҚР туристендіру картасының үздік ондығына енді. Бұл жөнінде өңір басшысы Серікбай Трұмов облыс тұрғындары алдында берген есебінде айтты.

"Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасына Каспий теңізінің жағалауында теңіз курортының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар енгізілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауыныңинфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту және Ақтау қаласынан "Алау" балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

"Нұр-Капитал" мемлекеттік бағдарламасының 30 млн. теңге көлеміндегі қолдауы және кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен 2019 жылдың көктемінде Шетпе селосында "Сәтті" кемпинг кешені ашылды. Инвестиция көлемі – 160 млн теңгені құрап, барлығы 41 жұмыс орны ашылды.

Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты. Аймақта туристерге қызмет көрсететін 90 қонақүй бар. Өткен 2018 жылдың 9 айымен (3,9 млрд теңге) салыстырғанда, былтыр көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 104,3%-ға өсті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: