Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелден келген туристер уақытын Маңғыстау облысында көбірек өткізген

Шетелден келген туристер уақытын Маңғыстау облысында көбірек өткізген, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 15:51 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді. 2022 жылы Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген. Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды.

Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы - 4 күн.


"Сапардың ұзақтығы өңірдің туристерге тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен", – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: