Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұр-Сұлтанда сауда үйінде пышақпен лаң шығарған шетелдік шаштараз болып шықты

Сондай-ақ оны елден шығару мәселесі де қарастырылып жатыр.

Сурет : altair2001.kz13 Ақпан 2020, 15:38

"MEGA Silk Way" сауда орталығы өзіне пышақ жұмсамақ болған ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz Elorda Info-ға сілтеме жасап.

Ол 35 жастағы Түркия азаматы - Viva сұлулық салонының бұрынғы қызметкері болып шықты.

12 ақпанда сағат 18:22 уақытында MEGA Silk Way сауда үйінің орталық қауіпсіздік пунктіне ішкі бақылау қызметінен Viva сұлулық салоны маңында қолына пышақ ұстап, өзін жарақаттамақ ниеттегі мас ер адам жүргені туралы хабарлама түсті. Ол Viva сұлулық салонының бұрынғы қызметкері, Түркия азаматы, 1985 жылы туған Шахин Ерсин екені белгілі болды, - деп хабарлады сауда орталығының баспасөз қызметінен.

Ойын-сауық-сауда орталығының күзет қызметіндегі жедел әрекет ету тобының қызметкерлері қылмыскерді залалсыздандырып, ұстады. Одан кейін құқық бұзушыны Есіл аудандық полициясына тапсырды.

Қазір оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ оны елден шығару мәселесі де шешілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер