"Құрмет" орденін алған генерал 5 жылға сотталды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі кадрлар және әскери білім басқармасының бұрынғы бастығы, генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр жұмысы департаментінің бастығы, генерал-майор Көпбаевқа қатысты пара алу бойынша қылмыстық істі тергеп болғандарын хабарлаған.
2019 жылы мамырда Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Т.Бигелдинов атындағы әскери институтына әскериді офицерлік қызметке тағайындағаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына және бас бостандығынан 5 жылға айырылды.
Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізді.