Атырауда пара алған полиция полковнигі сотталды

mail.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 15:55 mail.kz
Әскери атағынан айырылған полиция қызметкері үлкен көлемде айыппұл төлейтін болды.

Атырауда пара алды деп айыпталған полиция полковнигіне үкім шықты, деп хабарлайды zakon.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың 17 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел уәкілдері пара алғаны үшін Атырау облысының полиция департаментінің подполковнигін ұстады. Тергеушілердің айтуынша, ол аң аулау қаруын сақтауға және оны алып жүруге рұқсатты жеделдетіп бергені үшін 30 мың теңге алған.

№2 қалалық сотты ATPress.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауапта полиция қызметкері кінәлі деп танылып, параның 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынғаны (600 мың теңге) айтылады. Ол сондай-ақ подполковник атағынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: