Иманбек "Құрмет" орденін иеленді
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, ел экономикасы мен қоғамдық өмірінің сан түрлі саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Республика күні қарсаңында берілетін мемлекеттік марапаттарды уақтылы ала алмаған. Бұған олардың сол кезде ел аумағынан тыс болуы себеп болған.
Алайда марапат табыстау рәсімі бүгін, 2025 жылғы 8 желтоқсанда өтті.
"Отандастарымызға марапаттарды табыстау – мен үшін зор мәртебе", – деді Балаева.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Құрмет" ордені – ел дамуына, оның ішінде экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет, білім беру бағыттарына айрықша үлес қосқан, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық жұмыста өнегелі еңбек еткен азаматтарға берілетін жоғары мемлекеттік марапат.
Бұл жолы "Құрмет" орденімен:
Халықаралық конфессияаралық және дінаралық үнқатысу орталығы жанындағы Съезд бастамаларын жүзеге асыру басқармасының бұрынғы жетекшісі Қарлығаш Қалилаханова, "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ал "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы Еркебұлан Тоқтарға берілді.