Танымал қазақстандық музыкант Imanbek "Құрмет" орденімен марапатталды
Сурет: Instagram/imanbekmusic
2025 жылғы 8 желтоқсанда "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмаған.
Осылайша, бұл марапаттарды табыстау ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелген.
"Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды",- деп жазды министр желідегі парақшасында.
Музыкант Иманбек Зейкеновтің марапат сәтінде түскен суреті желіде кеңінен тарады, онда қазақстандықтар оның бұл дәрежеге лайық екенін айтып, құттықтау сөздерін жазып жатты.
- Ел үшін адал тер төккен жандардың еңбегі бағаланғаны дұрыс! Жарайсың, Иманбек!
- Керемет, қазақтың осындай өнерлі ұл-қыздары көбейе берсін!
- Бұл қарапайым жігіттің еңбегі зор!
- Баяғыда-ақ лайық еді, өзінікін дәлелдеп қойған!
- Өте дұрыс жасады. Қазақ былай тұрсын, ТМД елдері арасында грэмми алған тұңғыш адам!
2019 жылы Иманбек Saint Jhn-дің "Roses" әнінің ремиксін дайындап, бүкіл әлемге танымал болды. Аталмыш туынды үшін ол Грэмми-2021 музыкалық сыйлығын жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript