Ақын Жадыра Дәрібаева "Парасат" орденімен марапатталды

Марапаттаау рәсімі, ақын, Жадыра Дәрібаева, Парасат, орден, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 21:40 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ақын Жадыра Дәрібаева "Парасат" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен отандық әдебиет пен мәдениеттің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін берілді.

"Бүгін ақынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап құттықтап, оның қазақ әдебиетінің дамуына, рухани құндылықтарды дәріптеуге және ұлттық мәдени мұраны насихаттауға қосқан үлесін атап өтті. Өз кезегінде Жадыра Дәрібаева Мемлекет басшысына еңбегіне берілген жоғары баға мен мәдениет және өнер қызметкерлеріне көрсетіліп келе жатқан қолдау үшін алғыс білдірді. Ақын мәдениет қайраткерлеріне көрсетілетін құрмет отандық әдебиеттің дамуына, рухани мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға серпін беретінін айтты". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларын дамытуға, елдің рухани әрі зияткерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.

Бұған дейін Алматыда мәдениет саласының қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: