Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ақтөбе облысында бір күнде 13 мас жүргізуші ұсталды

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні 470 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Сурет : Polisia.kz13 Ақпан 2020, 15:40

Ақтөбе облысында мас күйінде көлік айдаған 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күнінде Ақтөбе облысында 13 мас күйінде көлік айдаған жүргізушілер анықталды.

Ағымдағы жылдың 12-14 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Бірінші күні 470 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 13 жүргізуші мас күйінде басқарғаны үшін, 2 жүргізуші қарама-қарсы жолға шыққаны үшін, 40 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін, ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 59 жүргізуші, 63 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 20 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін және 104 адам жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер