Демалыс күндері Астанада 40-тан астам мас жүргізуші анықталды
![elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2018 22:12](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-887c219a-2152-4df2-965b-7c3a7c33fa59/800x452.webp)
Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 800-ден астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды.
9-11 қараша аралығында елорда аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде көлік құралын мас күйінде басқаратын тұлғаларды анықтау үшін іс-шаралар көптеп өткізілетін аумақтарда және демалыс орындарында, ойын-сауық мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылды.
«Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 800-ден астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде, 40-тан астамы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруы, 160-қа жуығы жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамауы, 30-дан астамы жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны, 50-ге жуығы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, 150-ге жуығы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзу және т.б. құқық бұзушылықтар анықталды», - деп хабарлайды Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript