Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бір тәулікте масаң күйдегі 12 жүргізуші ұсталды

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 22:36 Алматы ПД баспасөз қызметі
Облыстық полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнін қорытындылады.

12-14 ақпан аралығында Алматы облысында негізгі мақсаты жол-көлік апаттарының алдын алу және жол қозғалысына бақылауды күшейту болып табылатын "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның алғашқы күні тәртіп сақшылары жол ережесін бұзудың 938 дерегін әшкереледі. Оның ішінде 12 жүргізуші масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік жүргізуге құқы болмаса да, темір тұлпар тізгіндеген тұлғаларға 43 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 86 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 97 тұлға қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, ал 43 көлік жолда жүру ережесін сақтамағаны үшін айыппұл арқалаған. Жаяу жүргіншілерге берілген басымдықты ескермеген 29 жүргізуші мен рұқсат етілмеген жерге жолды қиып өткен 135 жүргінші әкімшілік жазасын алды.

Алматы облысының Полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын жолда жүру ережесін бұзбауға, жолда мұқият болуға, өзара құрмет көрсетіп, жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: