Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте букмекерлік кеңсе заңсыз интернет-казино ұйымдастырған

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 20:02 pixabay.com
108 дана монитор және процессор, флэш-карталар, модемдер, сондай-ақ, 586 600 теңге ақша қаражаты тәркіленді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Фаворит" букмекерлік кеңсесінің бұрынғы әкімшісі Ю.Стебуновқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Азамат Ю.Стебунов "Букмекерская контора "Фаворит" ЖШС-нің әкімшісі қызметінде "Fin Bet" сауда маркасын қолдана отыра, серіктестікпен бұрын жалға алынған үй-жайларға қолжетімділікті пайдаланып, букмекерлік қызметтерді ұсынумен қатар заңсыз электронды казино ұйымдастырды.

Сонымен қоса, ол ойыншыларға "FLG" бағдарламалық қосымшасын қолдана отырып, онлайн режимде ғаламтор арқылы ұтысты қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен көмегімен қолдан жасалған және анимациялық ойындарға қолжетімділікті қамтамасыз еткен.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен азамат Ю.Стебунов ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлігіне сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылды. Аталған қылмыстық әрекетке 300 АЕК (757 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған.

Тергеу амалдары барысында заттай айғақтар – 108 дана монитор және процессор, флэш-карталар, модемдер, сондай-ақ, 586 600 теңге ақша қаражаты тәркіленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: