Билл Гейтс жаңа вируспен күреске 5 млн доллар бөлді

Бөлінген қаражат дертті жұқтырған адамдарды анықтауға, оларды карантиндік аймаққа орналастыруға және емдеуге, сондай-ақ вирусқа қарсы вакцинаны жедел әзірлеп шығаруға арналатын болады.
Microsoft америкалық компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирустың жаңа түрімен күресте Қытайға қолдау көрсету үшін өзінің қайырымдылық қорынан 5 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды korrespondent.net China Daily газетіне сілтеме жасап.
Билл және Мелинда Гейтс қоры бұл мәселеде пневмонияны жоюға қатысатын қытайлық серіктестері - жеке және қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді.
- Бөлінген қаражат дертті жұқтырған адамдарды анықтауға, оларды карантиндік аймаққа орналастыруға және емдеуге, сондай-ақ вирусқа қарсы вакцинаны жедел әзірлеп шығаруға арналатын болады. Біз бұл аурудың таралуына қатты алаңдаймыз және пневмониямен күресте алдыңғы қатарда жүргендерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз, - деді қордың қытай бөлімінің директоры Лю Ино.
2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Уханьде белгісіз пневмонияның белең алғаны туралы хабарлады. Қаңтарда аурудың қоздырғышы - коронавирустың жаңа түрі екені белгілі болды.
Вирусты жұқтыру оқиғалары Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция және Канадада тіркелген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript