Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында 10 колледжде жатақхана жоқ

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 21:15 видеодан кадр
Мүлдем жатақхана жоқ.

Қызылорда облысындағы колледждердің жартысында жатақхана жоқ. Аймақтағы студенттердің көбі туыстарының үйінде, болмаса пәтер жалдап тұруға мәжбүр, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Білім басқармасындағылар бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын жатақханалардың өзі шеше алмайтынын айтады. Өйткені жеке емес, мемлекеттің меншігіндегі 17 колледждің әлі бесеуінде жатақхана атымен жоқ.

Көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы Абылайхан Абайұлы, Қазанғап атындағы музыкалық колледждің 4 курс студенті. Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтер жағалап жүрген ол жатақхананың зарын тартып шаршадық дейді. Әйтсе де осы алтын ұядан ұшқан Ғани Құлжанов, Мадина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибргимов секілді талантты актер мен әншілердің жолын басқысы келеді екен.

Абылайхан Абайұлы, Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенті:

- Маған жатақхана өте ыңғайлы, қолайлы болады. Бірақ, өкінішке орай орын жоқ. Мен оған жата алмадым. Жалпы біздің стипендиямыз 21 мың теңге, оның 20 мыңы квартираның өзіне кетеді. Одан бөлек қатынауымыз бар, тамақ дегендей. 35 мыңның үстінде кетіп қалады айына. Пәтерге инструмент алып бара алмаймыз.

Музыкалық колледждің қазіргі жатақханасы типтік емес, оқу ғимаратының бір бөлігі ғана. 40 жыл бұрын салынған ғимараттың тозығы жетіп, үстінен су сорғалап тұр. Колледж басшылығының айтуынша 100 орындық жатақханада қазір 130 студент жатады. Ал тағы 100 студент пәтер жалдауға мәжбүр. Оған қоса, колледжде оқу сыныптары да тапшы дейді.

Гүлнәр Нұрбаева, Қазанғап атындағы музыкалық колледж басшысының орынбасары:

- Қазір іріктеп, теріп, әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасынан шыққан балалар деп жатқыздық. Бір корпуста жатақханасы әрі оқу корпусы орналасқан. Оқу корпусымыздың кластарыда жетіспейді, кластар саны аз. Балалар, әр бала индивидуально дайындалу керек. Бірақ коридорларда балалар дайындалып отыр. Ең кемі 200 адамға жатақхана салып берсе деп сұраймыз.

Әзірге облыста мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынып жатқан студенттік жатақханалары бұл оқу мекемесіне бұйырмай тұр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше аймақтағы мемлекеттік 17 колледждің бесеуінде жатақхана атымен жоқ. Өткен жылдың аяғында инвестор есебінен салынып, пайдалануға берілген 300 орындық замануи ғимаратқа медициналық колледж студенттері қоныстаныпты. Ал Қазанғап атындағы музыкалық колледждің жағдайын беске білеміз деп отыр.

Жанар Түленова, Қызылорда облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Осы сияқты биыл 2020 жылы 400 орындық бір жатақхананың құрылысы екі оқу колледжіне берілейін деп жатыр. Мүлдем жатақхана жоқ. Музыкалық колледж Қазанғап атындағы жоғары колледж статусын алды. Енді ғимараты шындығына келгенде ешқандай заман талабына сай келмейді деп айтуға болады. Сынып бөлмелері жетіспейді. Мысалыға спорт залы жоқ. Жалпы бұл колледжге жаңа ғимарат қажет деп есептейміз.

Білім басқармасындағылар жатақханасы жоқ музыкалық колледждің басшылығы өздері сұраныс жазып, жан-жаққа жүгіріп, шырылдауы қажет деп отыр. Алайда жылына сұранысты бір емес бірнеше рет тиісті мекемелерге жолдаймыз деген колледж басшылығы енді мұңдарын қайда, кімге барып айтарын білмейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: