Алматы облысында 10 жатақхана салынады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 22:20 Хабар 24
Студенттердің оқу бағдарламасы соңғы талаптарға сай болғанымен, жатақхана мәселесі әлі де өткір.

Алматы облысындағы 74 колледжде 35 мыңнан астам талапкер білім алады, деп хабарлайды Хабар 24.

Студенттердің оқу бағдарламасы соңғы талаптарға сай болғанымен, жатақхана мәселесі әлі де өткір. Түйткілді шешу үшін өңірде Елбасының 5 әлеуметтік бағдарламасындағы үшінші бағыт бойынша жатақхана салудың қадамдық жол картасы дайындалды. Қазір 10 жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары жасалып жатыр. Оның екеуі жоғары оқу орындарының үлесіне тисе, 8-і колледждердің еншісінде болады.

- Бұған облыс бюджетінен қаржы бөлінді. Енді бұл биыл бастау алатын болса, келесі жылы салына бастайды. Жатақхана құрылысы басталады, - деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: