Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" бекеті уақытша жабылғалы жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2020 23:20 Сурет: zakon.kz
Шекара қызметі көліктер мен шетелдіктерді өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктерін пайдалануға кеңес берді.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" автокөлік өткізу бекеті жөндеу жұмыстарына байланысты 20 ақпаннан бастап жабылады. Жаңғырту жұмыстары қашан аяқталатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"20 ақпаннан бастап қазақстандық тараптан "Қордай", ал қырғызстандық тараптан "Ақ жол" өткізу бекеті жабылады. Ол жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз», - деді шекара қызметі баспасөз қызметінің басшысы Қанатбек Сұлтанов.

Екі елдің азаматтарына күн сайын таңғы 06.00-ден түнгі 00.00-ге дейін әрі-бері жаяу өтуге рұқсат етіледі. Олар тек қол жүгін алып өте алады.

Шекара қызметі көліктер мен шетелдіктерді өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктерін пайдалануға кеңес берді.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу бекеті 2020 жылы толығымен жаңғыртылатынын хабарлаған еді. Жөндеу жұмыстарынан кейін "Қордайда" ұзын-сонар кезек азайып, қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түспек. "Қордай" автокөлік өткізу бекеті Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің аумағында орналасқан.

Айта кетсек, қазір екі ел арасында 11 автокөлік өткізу пункті бар. Олардың бесеуі – көпжақты халықаралық, ал алтауы – екіжақты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: