Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктері кептелісі: Қаржы министрлігі есеп берді

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктері кептелісі, Қаржы министрлігі , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 19:00 Сурет: pixabay
Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігі 19-20 тамыз аралығында Қырғызстан тарапынан шекараны кесіп өтетін жүк көліктерінің кептелісі байқалғанын еске салады

"Жүк ағынының ұлғаюы жеміс-көкөніс өнімдерін әкету, жазғы кезеңде жолаушылар ағынының өсуіне байланысты пайда болды. Бұл өткізу пункттеріне көптеген көліктің бір мезетте ағылуына жол берген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара кеңістігінде, оның ішінде өткізу пункттерінде заңсыз қызметке қарсы іс-қимыл бойынша белсенді шаралар кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, тәулігіне орташа есеппен шекараны 350-400 жүк көлігі кесіп өтеді". ҚР Қаржы министрлігі

Сонымен қатар, қос елдің фискалдық органдары көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар атқарып жатқаны да нақтыланады.

  • Мәселен, 2022 жылғы ақпанда Қырғыз экспорттаушыларына электрондық шот-фактураларды рәсімдеу міндеттелді. 
  • 2023 жылғы 1 сәуірден бастап тауарларға электрондық ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу де міндеттелді. 
  • Электрондық ілеспе жүкқұжаттар шекарадан өткенге дейін рәсімделеді және жалған жүк алушылардың, банкроттардың, таратылған тұлғалардың және т. б. мекенжайына рәсімдеу мүмкіндігіне жол берілмейді.  

Сондай-ақ, 2023 жылғы 16 тамыздан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесінен тауарларды қадағалау төлқұжатын (төмендетілген кедендік баж) қолдану бойынша техникалық тәжірибелік сынақ іске қосылды.

"Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру шеңберінде, сонымен қатар көлік құралдарын кедергісіз өткізу мақсатында 2023 жылғы 30 мамырдан 20 тамызға дейін үш ел навигациялық пломбаларды (Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) қолдану бойынша эксперимент жүргізді. Эксперимент нәтижелерін зерделеу қорытындысы бойынша навигациялық пломбаларды қолдануды тұрақты негізде жүзеге асыру жоспарлануда". Қаржы министрлігі

Аталған барлық шаралар елдерімізге бақылау іс-шараларын электрондық форматта өткізуді қамтамасыз етуге, тауар айналымын ұлғайтуға жәрдемдесуге және елдеріміздің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: